Факультет туралы

Факультет туралы

Экономика факультетінің тарихы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрылған күнінен басталды. 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде экономика-заң факультеті ашылды. Оқу үрдісі экономика және материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау; қаржы және несие; статистика және есеп үш мамандандырылған кафедраларының күшімен қамтамасыз етілді.

1974-75 оқу жылынан бастап экономика факультеті дербес болады. Қоршаған ортаның дамуына қарай факультетте жаңа кафедралардың пайда болуына байланысты құрылымдық қайта құру жүргізілді, оның ішінде ақша айналымы және несие кафедрасы; экономикалық география және салалық экономикалар кафедрасы (70-ші жылдар); экономика және салалар мен аумақтарды жоспарлау кафедрасы; саяси экономия кафедрасы (80-ші жылдар); экономика және сыртқы экономикалық қызмет кафедрасы; бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау кафедрасы; экономикалық теория кафедрасы (90-шы жылдар).

Факультет бастауында профессорлар Абдразаков Т.А., Орманбаев А.Ж., Каракесов К.К., Аубакирова А.А., Алимбаев А.А., Сейткасимов Г.С., Елемесов Р.Е., Андарова Р.К., Аменова С.С.; доценттер Карамзин Н.А., Сагиндыков У.С., Зеваков А.М., Сулейменова А.А. және т. б. болды.

Факультет басшылары әр жылдары келесілер болды:

— 1972-1974 жыдары — э.ғ.к., доцент Т.А. Абдразаков;

— 1974-1986 жыдары — э.ғ.к., доцент К.К. Каракесов;

— 1986-1988 жыдары — э.ғ.к., доцент Н.А. Карамзин;

— 1988-1990 жыдары — э.ғ.к., доцент А.Ж. Орманбаев;

— 1990-1993 жыдары — э.ғ.к., доцент Б.К. Кажыкаримов;

— 1993-1995 жыдары — э.ғ.д., профессор А.А. Темирбулатов;

— 1995-1999 жыдары — э.ғ.к., доцент С.М. Омирбаев;

— 1999-2000 жыдары — деканның м.а., э.ғ.к., профессор Р.С. Каренов;

— 2000-2001 жыдары — э.ғ.д., профессор А.А. Алимбаев;

— 2001-2004 жыдары — э.ғ.д., профессор С.Н. Алпысбаева;

— 2004-2019 жыдары — э.ғ.д., профессор Б.С. Есенгельдин.

Қазіргі уақытта факультет деканы э.ғ. к., профессор Ж. С. Хусаинова.

Экономика факультетінің миссиясы – ғылымда, өндірісте және кәсіпкерлік қызметте кәсіби білімді жүзеге асыруға қабілетті жаңа формациядағы экономистерді даярлау.