Акбаев Ерболсын Тұрсынұлы
“Қаржы” кафедрасының меңгерушісі
(экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор)
«Қаржы» білім бағдарламасы бойынша студенттерді оқыту 1972 жылы ҚарМУ-нің құрылғанынан бастап жүзеге асырылуда. 1974 жылы 30 қыркүйекте «Қаржы және несие» кафедрасы ашылды, оның негізін құраған сол кездері ҚарМУ-нің экономика факультетінің күндізгі және сырттай бөлімінің деканы э.ғ.к., доцент Орманбаев А.Ж. болды және сол кафедраның алғашқы меңгерушісі еді. Доцент Орманбаев А.Ж. 1972 ж. дейін Қаз МУ-ң философия-экономикалық факультетінің «Салалық экономикалар» кафедрасының меңгерушісі болған, ал одан кейін 1972 жылы Республикамызда ҚарМУ-нің ашылуына байланысты КСРО жоғарғы және арнайы орта білім Министрлігінің шешімімен ҚарМУ-нің экономика-заң факультетіне жіберілді. 1963 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады. 1994 жылы Қазақстан Республикасының ЖАК шешімімен оған «Экономика» мамандығы бойынша профессор атағы берілді. 2002 жылы ҚР-нің білім саласындағы сіңірген еңбегі үшін «ҚР-нің құрметті білім қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. 2003 жылы ҚарМУ-нің Ғылыми кеңесінің шешімімен Орманбаев А.Ж. «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің еңбегі сіңген қайраткері» атағын алып, мемлекеттік «Құрмет» орденін иеленді. 2004 жылы желтоқсан айында Орманбаев А.Ж. докторлық диссертациясын қорғады. Э.ғ.д., профессор Орманбаев А.Ж. «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» грантына ие болды. 2020 жылдың қазан айында экономика факультетінің 1994 жылғы түлегі және бүгінгі таңда Сингапур қаласында тұратын белгілі кәсіпкер Турымбаев Т. сол уақытта факультет деканы болған э.ғ.д., профессоры А.Ж. Орманбаевтың құрметіне экономика факультетінде Құрмет тақтасын орнатты.
1978 жылы бұл кафедрадан «Ақша айналысы және несие» кафедрасы бөлініп шықты. Бұл 1982 жылы «Қаржы және несие» кафедрасының атауын «Қаржы» деп ауыстыруға негіз болды.
Кафедраның қызметі барысында келесідей меңгерушілер ауысты: э.ғ.д., профессор Орманбаев А.Ж., э.ғ.к., доцент Кажикаримов Б.К., э.ғ.к., доцент Омирбаев С.М., э.ғ.к., доцент Татиева Г.А., э.ғ.к., доцент Дарибекова А.С., э.ғ.к., профессор Комекбаева Л.С. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап э.ғ.к., доцент Ақбаев Е.Т. меңгеруші қызметіне кірісті.
Факультет тарихында экономика факультетінің деканы қызметін бір кездері «Қаржы» кафедрасының өкілдері басқарған болатын: э.ғ.д., профессор Орманбаев А.Ж., э.ғ.к., доцент Кажикаримов Б.К., э.ғ.к., доцент Омирбаев С.М., э.ғ.д., профессор Есенгельдин Б.С.
Қазіргі уақытта экономика факультетінің қызметін «Қаржы» мамандығының түлегі э.ғ.к., профессор Хусаинова Ж.С. басқаруда.
050509 –Қаржы мамандығы бойынша қазақ тілінде мамандарды дайындау 2001-ші жылдан бастап жүзеге асырылуда. 5В050900-Қаржы мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау 2010 –шы жылдан бастап қазақ және орыс тілдерінде жалпы және орта кәсіби білім негізінде күндізгі және сыртқы бөлімде және жоғарғы мен орта кәсіби білім негізінде сыртқы бөлімде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта «Қаржы» кафедрасының құрамында 13 оқытушы қызмет етеді, оның ішінде 1 (PhD) доцент, 5 экономика ғылымының кандидаттары, 7 экономика ғылымының магистрлері. Кафедра 2010 жылдан 2020 жылға дейін 1738 жоғары білікті мамандандырылған қаржыгерлерді дайындап шығарды. «Қаржы» білім бағдарламасы бойынша магистратураға қабылдау 1996 жылдан жүргізілуде. Ғылыми – педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі – 2 жыл, кәсіби бағыт бойынша -1 жыл.
6М050900-Қаржы мамандығының түлектері (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша) 6М050900-Қаржы мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иеленеді; кәсіби бағыт бойынша 6М050900-Қаржы мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін иеленеді.
Кафедраның көптеген оқытушылары шетелдерде біліктіліктерін жоғарлатты; олар Әлем банкінің экономикалық даму Институтында, Шотландияның бухгалтерлер отырысының Институтында, қаржы менеджментінің Төменгісаксондық (Нижнесаксонский)академиясында, Ұлыбританиядағы Лестер Университетінде, Табыстарды заңдастыруда қарсылық көрсету саласындағы Халықаралық жүйелік институтта (Ресей) болып қайтқан.
«Қаржы» кафедрасының оқытушылары шетел университеттерінде аспирантура мен докторантурада оқуға мүмкіндігі бар. Мәселен, “Болашақ” бағдарламасы бойынша магистратурада Манчестер Университетінде (Ұлыбритания) бір оқытушы (Жансейтов А.Т.) білім алып келсе, ал бүгінгі таңда Польшада докторантурада (Аканаева Т.А.) бір оқытушы білімін жалғастыруда.
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігінің аккредиттеу комиссиясының 2019 жылғы 10 маусымдағы шешімімен академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «5В050900 – Қаржы (бакалавриат)» және «6M050900 – Қаржы» (магистратура) білім беру бағдарламаларына мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік берді.
“Қаржы” кафедрасы
Қазіргі уақытта Қазақстанның жоғары оқу орындарының көпшілігі халықаралық қызметті университет дамуының басым бағыттарының бірі ретінде бөліп көрсетеді. Бұл жаһандану үрдісі жоғары білімді қоспағанда, мемлекет өмірінің барлық салаларын қамтитынына байланысты. Қазақстанның Болон процесіне қосылуы және Дүние жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жоғары оқу орындарындың алдына әлемдік білім беру және ғылыми кеңістікке өту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту міндетін қойды. Халықаралық қызметті дамытудың басым бағыттарын таңдау университеттің даму стратегиясының ережелеріне сәйкес келеді.
Халықаралық ынтымақтастық “Қаржы” кафедрасы қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады, оның мақсаты университетті әлемдік білім беру және ғылыми кеңістікке одан әрі интеграциялау болып табылады. Бұл жұмыс жетекші шетелдік университеттермен ынтымақтастық бағдарламалары, халықаралық білім беру жобаларын іске асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, оқытушылар мен магистранттармен алмасу шеңберінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты факультет келесі университеттермен білім және ғылым саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы шарттар жасасты. Олардың қатарына: Урал мемлекеттік экономикалық университеті (Ресей Федерациясы), “EducationNetwork” білім беру мекемелерінің қауымдастығы (Қырғыз Республикасы), Жоғарғы экономикалық мектеп (Прага қаласы, Чехия Республикасы), Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, “EducationNetwork” білім беру мекемесі аймақтық қауымдастығы және EERC Экономикалық зерттеулер консорциумы, Прага қаласындағы халықаралық және қоғамдық қатынастар университеті (Чехия Республикасы), Делта интернационалдық университеті (Оттава, Канада), Катовица Экономикалық университеті (Польша Республикасы)
Академиялық ішкі және сыртқы ұтқырлық аясында университет төмендегі жоғарғы оқу орындарымен келісім шартқа отырды: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. Кафедра оқытушылары мен ғалымдары көптеген ғылыми және шет елдік орталықтарда ғылыми біліктіліктерін жетілдіреді. Олардың қатарына: Жоғарғы экономикалық мектеп (Прага қаласы, Чехия Республикасы), Халықаралық біліктілікті арттыру орталығы (Германия), Печ Университеті (Венгрия), Лодз университеті (Польша Республикасы), Регенсбург университеті (Германия), Ұлыбританияның Лестер Университеті, Табыстарды заңдастыруда қарсылық көрсету саласындағы Халықаралық жүйелік институтта (Москва, Ресей Федерациясы).
Қазіргі уақытта Польша Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы “Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы” келісім шеңберінде “Қаржы” кафедрасының оқытушысы Т.А. Ақанаева докторантурада оқып жатыр (Катовица Экономикалық университеті, Қаржы және сақтандыру факультеті, мамандығы: Халықаралық қаржы және банк ісі).
«Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Қаржы» кафедрасынан А.К. Жансейтов Манчестер университетінің (Ұлыбритания) магистратурасында оқыды және 2017 жылы толық аяқтады, бүгінгі күні “Қаржы”кафедрасында қызмет атқарып жатыр.
Манчестер университетінің Студенттер Одағындағы қазақ қоғамының президенті, 2016-2017 оқу жылы ішінде
Ғылым магистрі: Экономика және саясатты дамыту, Манчестер университеті, Ұлыбритания
Үздік бітірді
Қос диплом бағдарламасы аясында 2019-2020 оқу жылында «Экономикалық қауіпсіздік» бірлескен білім беру бағдарламасына (Ресей Федерациясы, МИФИ) 7М04107401-“Қаржы” мамандығының 1 курс магистранты А. А. Әуесбекова қабылданды.
Академиялық ұтқырлық бойынша 2017-2018 оқу жылында “Қаржы” кафедрасының магистранты А.Ансарова Катовица Экономикалық университетінде (Польша Республикасы) 1 семестр оқыды.
2018-2019 оқу жылында “Қаржы” мамандығының 3 курс студенті Сейталинова А.С. академиялық ұтқырлық бойынша Катовица Экономикалық университетінде (Польша Республикасы) білім алды.
Бүгінгі таңда шет елдік жоғарғы оқу орындарының ғалымдарының қонақ дәрістері сияқты оқыту әдісі белсенді қолданылуда. Соңғы 5 жылда келесі шетелдік ғалымдар шақырылды:
— Радим Валенчик, PhD, Қаржы және басқару жоғары мектебінің профессоры, Прага қаласы, Чехия Республикасы (Курс атауы «Теория и опыт реформ финансирования системы образования, здравоохранения и пенсионной системы»);
— Ладислав Тылл, PhD, Жоғарғы экономикалық мектеп (Прага қаласы, Чехия Республикасы) қауымдастырылған профессоры (Курс «Entrepreneurship and competitive advantage (How to make your competitorssad);
-Almaz Tolymbekov , PhD, professor Delta International University, the USA («Management of the organizations development in the real and financial sectors of economy » — 2019year)
-Saulius Nefas , PhD, associated professor Mykolas Romeris University , Lithuania («Organization activity planning: organizational, economic and financial aspects»-2019 year)
-Ruslana Selezneva , PhD, professor Wyzsza Szkola Humanitas , Poland («IT project management»- 2019 year)
«Қаржы» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарын кәсіби бағыттары бойынша жүргізеді. Кафедраның ғылыми жұмыстарының негізгі нысандарына келесілер жатқызылады:
– оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар және ғылыми мақалалар дайындау;
– ғылыми жұмыстар бойынша баяндамалар мен қысқаша тезистер дайындау,
– кафедраның зерттеу жұмыстарына байланысты ғылыми-әдістемілік семинарларға, дөңгелек столдарға, ғылыми-практикалық, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу және ұйымдастыру;
– студенттердің, магистарантардың ғылыми жұмыстарына және жобаларына жетекшілік ету және конкурстарға қатысу;
– университет тарпынан шығарылатын мерзімді басылымдарға және жинақтарға студенттер және магистранттармен бірге мақалалар дайындау және ұйымдастыру.
Кафедраның ғылыми әлуеті
ПОҚ бәрлігі | Ғылым докторы, профессор, | Ғылым кандидатты/ PhD | Ғылыми дәрежесі жоқ | Дәрежесі бар% | Орта жас |
14 | 1 | 5/1 | 7 | 50 | 42 |
«Қаржы» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының негізгі ғылыми еңбектері:
Комекбаева Л.С.:
- Developing Crisis Management Model for Second-Tier Banks in the Post-Crisis Period of Economy Development in the Republic of Kazakhstan. American Journal of Applied Sciences. Volume 13, Issue 5 Pages 540-551, 2016
- Government Measures for Economic Support in the Conditions of a Floating Exchange Rate of the National Currency. IEJME — MATHEMATICS EDUCATION 2016, VOL. 11, NO. 7, 2227-2237
- Тұрғындарды екінші деңгейлі банктердің несиелендіруінің ерекшеліктері. Қарағанды Университетінің Жаршысы. Серия Экономика.-2016.-№3(83).-Б.171-177
- Развитие системы управления рисками при реализиции инвестиционных проектов. XIII Международная конференция студентов, аспирантов и молодых ученых «Перспективы развития фундаментальных наук». Россия, г. Томск, 2016
- Б.С. Есенгельдин, Л.С. Комекбаева Қаржылық-өнеркәсіптік топтар: теориясы және даму бағыттары // Монография — Қарағанды; ҚарМУ баспасы, 2018. — 158 бет
- Part-time and temporary employment in modern conditions: Scope and priorities of social protection // Entrepreneurship and sustainability Issues. — 2019/- № 7(1).- P.731-745.
- Значение международного налогового планирования для совершенствования внешнеэкономических связей государств-членов ВТО // Membership in the WTO: Prospects of Scientific Researches and International Technology Market. – Vancouver, Canada, — 2019. P.251-256 (в соавторстве Лисова Н.А., Акбаев Е.Т.)
- Организация финансового мониторинга в Республике Казахстан // Мультидисциплинарный научный журнал «Архивариус» — Киев, 2019. – С.181-189 (в соавторстве Лисова Н.А., Акбаев Е.Т.)
- Комекбаева Л.С., Лисова Н.А. Особенности национальных систем ПОД/ФТ государств Евразийского региона // Учебное пособие — (под ред. Н.А. Коржовой, Глава 2.2, Глава 5.2.4-5.2.6) Том 1, Нурсултан — Москва: 2020 г. 352 стр.
Акбаев Е.Т.:
- Б.С. Есенгельдин, Е.Т. Акбаев Республикасының бюджет саясаты: теориясы, тәжірибесі және даму бағыттары // Монография — Қарағанды; ҚарМУ баспасы, 2018. — 196 бет
- Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласының қазіргі жағдайын бағалау // Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. – 2018, №3. –С.20-27
- Анализ состояния продовольственной безопасности в Республике Казахстан // Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы. – Экономика сериясы. –2018. — № 1 (123). – Б.147-153.
- Организация финансового мониторинга в Республике Казахстан // Мультидисциплинарный научный журнал «Архивариус» — Киев, 2019. – С.181-189 (в соавторстве Лисова Н.А., Комекбаева Л.С.)
- Features of the state services provision by tax authorities in modern conditions // Вестник Карагандинского Университетат. — Серия – экономика. – 2016. — №4 (84). — С.167-173.
- Значение международного налогового планирования для совершенствования внешнеэкономических связей государств-членов ВТО // Membership in the WTO: Prospects of Scientific Researches and International Technology Market. – Vancouver, Canada, — 2019. P.251-256 (в соавторстве Лисова Н.А., Комекбаева Л.С.)
- External Trade of Transport Services in a Developing Economy and Progress Prospects // Journal of Advanced Research in Law and Economics. -2017. -№4 (26). – P.1219-1225.
- Telecommunications industry: Current state and development prospects // Journal of Applied Economic Sciences. -2018. №13 (8). – P.2244-2250
- Composing of Scenarios Development in Strategic Planning // Journal of Environmental Management and Tourism. -2018. №9 (3). – P.491-500
- Possibilities of solar energy utilization for the development of rural areas of the republic of kazakhstan // International Journal of Energy Economics and Policy Volume 8, Issue 2, 2018, Pages 89-94
- The influence of fiscal progress on energy consumption in Kazakhstan // International Journal of Energy Economics and Policy Volume 10, Issue 5, 2020, Pages 344-347
Воробьева С.М.:
- Система депозитного страхования в РК В материалах Международной научно-практической конференции //КарГУ. – Караганда, 2016. – С.148-155
- Анализ развития перестраховочных операций в Республике Казахстан // Вестник Университета «Туран». -.№3(71). — Алматы – 2016. – С. 164-168
- Перестраховочный рынок в Республике Казахстан: состояние и перспективы развития // Вестник КарГУ. Серия «Экономика». -№3(87). 2017. – С. 231-238
- Strategy of management by Insurance Reserves of the Insurance Organizations // Journal of Advanced Research in Law and Economics. Volume VIII, Issue 8(30), 2017. –С.2490-2497 (SCOPUS)
- Современное состояние рынка перестрахования в Республике Казахстан // Актуальные исследования в современном мире. Переяславь-Хмельницкий. Украина. Выпуск 5(49), Ч.7 –май 2019. –С.69-73(РИНЦ)
- Фонд гарантирования страховых выплат как фактор стабилизации страхового рынка в Республике Казахстан // Вестник Карагандинского университета. Серия «Экономика». -№3(95). 2019. – С. 269-276
- World experience in organizing deposit guarantee systems // Вестник Карагандинского университета. Серия «Экономика». -№2(98). 2020. – С. 116-123
- Государственное финансовое регулирование экономики // Караганда: Изд-во КарГУ, 2020. -127с. Свидетельство №11090 от 23.06.2020г
Лисова Н.А.:
- Комекбаева Л.С., Лисова Н.А. Особенности национальных систем ПОД/ФТ государств Евразийского региона // Учебное пособие — (под ред. Н.А. Коржовой, Глава 2.2, Глава 5.2.4-5.2.6) Том 1, Нурсултан — Москва: 2020 г. 352 стр.
- Значение международного налогового планирования для совершенствования внешнеэкономических связей государств-членов ВТО // Membership in the WTO: Prospects of Scientific Researches and International Technology Market. – Vancouver, Canada, — 2019. P.251-256 (в соавторстве Акбаев Е.Т., Комекбаева Л.С.)
- Организация финансового мониторинга в Республике Казахстан // Мультидисциплинарный научный журнал «Архивариус» — Киев, 2019. – С.181-189 (в соавторстве Акбаев Е.Т., Комекбаева Л.С.)
- Финансовая безопасность в системе экономической безопасности государства» (в соавторстве Комекбаева Л.С.) Americanscientificjournal.- NY,UnitedStates.- 2019.- №32.- P.53-57.
Абаев А.А.
- Possibilities of solar energy utilization for the development of rular areas of the Republic of Kazakhstan // International Journal of Energy Economics and Policy. -2018.- Vol.8.-Issue 2. –С.89-94.
- Ауылдық аймақтардың дамуына әсер ететін факторлардың ерекшеліктері // Вестник Карагандинского университета. – Серия Экономика. — 2016.- №4 (84).– С.11-17
- Ауылдық аумақтардың дамуындағы еңбек ресурстарының рөлі // Вестник Карагандинского университета. – Серия Экономика. — 2017 — №1 (85). – С.70-76
- Ұйымдастырушылық әлеует ауылдық аумақтардың дамуын басқарудың құралы ретінде // Вестник Карагандинского университета. – Серия Экономика. — 2018.- № 2 (90) – C.188-194
- Особенности управления сельскими территориями в Республике Казахстан. // Problems and prospects of development of economy and management: materials of the V international scientific conference on December 3 – 4, 2017.- Prague: Vědecko vydavatelské centrum «Sociosféra-CZ». 2017. – P.57-59. http://sociosphera.com/conference/2017/problemy_i_perspektivy_razvitiya_ekonomiki_i_upravleniya
- Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын мемлекетік реттеу // ЭКСПО-2017 өткізілуіне орай Қазақстан даму стратегияларының басты басым бағыттарының бірі ретінде «Жасыл даму» идеясы: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды ҚарМУ баспасы, 2017. – Б.295 –298
- Шаруа (фермер) қожалықтарының ауылдық аумақтардың дамуындағы маңызы // Рынок и эффективность производства – 15: Сборник трудов Междунар. науч. – практ. конф. студентов, магистрантов, аспирантов и докторантов. – Кокшетау: Гуманит.техн. Академия, 2018. – С.47 -50
2020 жылдың 6 наурызында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де “Цифрлық экономика: бизнестің жаңа архитектоникасы және құзыреттілікттер трансформациясы” республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (шетелдік қатысуымен) өткізілді. «Қаржы секторын цифровизациялау трендтері: цифрлық активтер, электронды ақшалар, криптавалюта» секциясында 26 баяндама дайындаушы қатысты. Аталған секция бойынша 16 автор өз ғылыми жұмыстары бойынша баяндама жасады. Аталған барлық тақырыптар өте маңызды, сонымен қатар теориялық және практикалық жағынан мәнділігі жоғары болып табылады.
Ғылыми жұмыстардың қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:
1 орын – Хананнова Р.А., Жансеитов А.Т. «Казахстанские банки: ландшафт киберрисков в цифровом формате. Обеспечение кибербезопасности» атты тақырыпта баяндама жасады.
1 орын – Токтасова С.С, Жансеитов А.Т. «Banking Messages Exchange System» атты тақырыпта баяндама жасады.
2 орын – Тулеубекова А.Р., Жүніс А.Б., Жәнібеков О.Ә. «Крипто-валюта арқылы табыс табудың 7 жолы және крипто-валютаны сатып алудың тиімді әдістері» атты тақырыпта баяндама жасады.
2 орын – Амангельдинова З.Ж., Тиыштыкбаева А.Ж. «Крипто-валюта ұғымы және оның экономикалық мәні» атты тақырыпта баяндама жасады.
3 орын – Ин А.А., Жансеитов А.Т. «Электронный кошелек с автоматической оплатой налогов» атты тақырыпта баяндама жасады.
3 орын – Тәнірбергенова С.С. «Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің инновациялық қызметтері» атты тақырыпта баяндама жасады.
3 место – Қанат А.А., Амантай С.С., Тиыштыкбаева А.Ж. «Цифрлық экономика: қаржы секторының цифрлық жүйесі ауысу бағыттары» атты тақырыпта баяндама жасады.
Экономика ғылымдарының магистірі Жансеитов Азамат Google Developer Challenge және Front-End Web Developer track атындағы стипендия иегері болып табылады.
Студенттердің жобалық-зерттеу жұмыстары
«Қаржы» кафедрасында «Жас қаржыгерлер» атты студенттердің ғылыми жобасы жұмыс атқарады, аталған жобада студенттер өздерінің ғылыми мақалаларын, еңбектерін және тезистерін аймақтық және халықаралық конференцияларда жариялайды, сонымен қатар жинақтарда баспаға шығарады.
2020 жылдың 26 ақпанында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де “Жаңа ұрпақ және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қазіргі мәселелері” Академик Е.А. Бөкетовтің 95 жылдығына арналған студенттер мен магистранттардың XV ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. «Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық мақсаттарына жетудегі экономиканың қаржы-несиелік секторының басымдылықтары» секциясында 42 студенттер мен магистранттар қатысты. Аталған секция бойынша 18 автор өз ғылыми жұмыстары бойынша баяндама жасады. Аталған барлық тақырыптар өте маңызды, сонымен қатар теориялық және практикалық жағынан мәнділігі жоғары болып табылады.
Студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарының қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:
1 орын — Хананова Р.А., Гневшев Е. «Перспективы развития единого финансового рынка стран-участниц Евразийского экономического союза» атты тақырыпта баяндама жасады. Ғылыми жетекші: э.ғ.м., оқытушы Жансейтов А.Т.
2 орын – Токтасова С.С. «The importance of tax control in modern conditions» атты тақырыпта баяндама жасады. Ғылыми жетекші: э.ғ.к., доцент Ельчибаева А.А.
3 орын – Татиева Д.Т. «К вопросу о признании криптавалюты в мировой экономике». атты тақырыпта баяндама жасады. Ғылыми жетекші: э.ғ.к., доцент Воробьева
2020 жылдың 23 сәуірден 29 сәуір аралығында экономика факультетінде, Қаржы кафедра базасында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде қаржы технологиялары бойынша І Халықаралық қашықтық олимпиадасы өтті. Бұл ғылыми жарыс Қазақстан және әлемнің жан жағынан жиналған студенттер арасында орын алды.
Қаржы технологиялары бойынша І Халықаралық қашықтық олимпиадасының мақсаттары:
– білікті мамандарды дайындау сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар студенттердің оқу іс-әрекеті мен болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру;
– Дарынды студенттердің кәсіби өсуіне ықпал ету және оларды “Қаржы” бағдарламасында магистерлік деңгейде білім беруді жалғастыруға тарту.
Олимпиадаға 15 университеттен 26 команда (15 студент) қатысты.):
Олимпиада қорытындысы бойынша келесі нәтижелерді ескерген жөн:
- Жеке есепке алу 1-2 куср студенттері арасында ФН-22 тобының студенті Хананова Роза (экономика факультеті, Қаржы мамандығы) 2 орын алды.
- Топтық сынақ бойынша Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің экономика факультетінің Қаржы мамандығының 2 курс студенттері (Хананова Р.А., Гневшев Е., Ин Андрей)1 орын алды.
2020 жылдың наурыз айында Алматы қаласында “Молодежный цифровой форум YDF – 2020” атты 1 Халықаралық студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Аталған шараға Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-нің экономика факультетінің Қаржы кафедрасынеың оқытушысы экономика ғылымдарының магистірі Жансеитов А.Т. қатысты. Ғылыми жетекші; э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Акбаев Е.Т.
Университет студенттері қала тазалығы үшін
Қаржыгерлер күні (15.11.2019 ж)
Қарттар күні (01.10.2019ж)
“Наурыз” мереке