«Жас зерттеуші-2020» жас талдамашылар республикалық конкурсы

«Жас зерттеуші-2020» жас талдамашылар республикалық конкурсы

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ «Ортақ іс – Ортақ мақсат – Қазақстанның көркеюі» зияткерлік жобасын іске қосатынын және «Жас зерттеуші-2020» республикалық конкурсын өткізетінін хабарлайды.
Егер Сіз:
– 3-4-курс студенті, магистрант немесе 29 жасқа дейінгі магистр болсаңыз,
– жоғары оқу орындарында экономика және қаржы мамандықтары бойынша білім алсаңыз
– өзіңіздің сараптамалық-талдамалық дағдыларыңызды арттыруды жоспарлап отырсаңыз;
– өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелерді зерттеуге қатысқыңыз келсе.
Сіз «Жас зерттеуші-2020» Мектебі шеңберінде Институт ұйымдастырған мастер-кластар барысында жаңа шешу жолдарын іздейсіз.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды дайындау қажет екенін хабарлаймыз:
– Нысан бойынша толтырылғанан өтінім
– Түйіндеме;
– Бір таңдалған тақырып бойынша эссе;
– Жеке куәлік (көшірме)
– Сертификаттар, грамоталар (көшірмелер);
– Ғылыми басылымдар (тезистер, мақалалар және т.б.) (көшірмелер).
Конкурс жеңімпаздары 2021 жылдың наурыз айында «Жас зерттеуші-2020» Мектебінің экономика бойынша онлайн-курстарынан өту мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ өз сараптамалық-талдамалық дағдыларын арттыру үшін Институттың сарапшыларымен бірлескен зерттеу жүргізе алады.
Көрсетілген тақырыптардың бірі бойынша ұжымдық талдамалық жазба, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған журналдардың бірінде Институттың сарапшыларымен бірлескен ғылыми мақаланың жариялануы байқау нәтижесі болып табылады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау мерзімі – 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін (сағат 18.30-ға дейін).

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *