Меруерт Арғымбаевамен BUKETOV OPEN TALKS

Меруерт Арғымбаевамен BUKETOV OPEN TALKS

2020 жылдың 17 қарашасында экономика факультетінде үздік әлеуметтік кәсіпкер-әйел ретінде Израиль елшілігінің “Қазақстанның көрнекті әйелдері” байқауының жеңімпазы, “Радость” қайырымдылық дүкендері желісінің CEO, экономика факультетінің түлегі Меруерт Аргимбаевамен Buketov Open Talks өтті. Кезекті Buketov Open Talks “Әлеуметтік кәсіпкерліктің батырлары” Erasmus+ халықаралық жобасы аясында өткізілді.

2013 жылдың қараша айында Қарағанды қаласында еліміздегі алғашқы “Радость” қайырымдылық дүкені ашылды, оның қызметі бас миы мен орталық жүйке жүйесі функциялары бұзылған балаларға көмек көрсетуге бағытталған. “Радость” – бұл таза пайдасы осындай балаларды емдеуге, сондай-ақ мүгедектер қоғамдарына, интернаттарға және облыстың дағдарыс орталықтарына көмек көрсетуге жұмсалатын классикалық қайырымдылық дүкені. Қызметтің мәні – азаматтар дүкенге жаңа және пайдаланылған заттарды тегін береді. Бұл заттардың 70%-ы барлық Қарағанды және Павлодар облыстарының тұрмысы төмен отбасыларына тегін таратылады. Келіп түсетін заттардың шамамен 5%-ы қайта өңдеуге тапсырылады. Қалған 25% заттар – жаңа және жақсы жағдайда – нарықтық бағадан үш есе төмен бағамен сатылады.

Қайырымдылық дүкенінің мекен-жайы: Ермеков көшесі, 17

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *